Сүт безі қатерлі ісігіне қарсы жаңа дәрі мақұлданды

Сүт безі қатерлі ісігіне қарсы жаңа дәрі мақұлданды

Мадина Асылбекова
Фото: © pixabay.com

АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасын бақылау басқармасы (FDA) қараша айының соңында сүт безі қатерлі ісігін емдеуге арналған Wilserdly препаратын мақұлдады.

Күніне бір рет қабылданатын таблетка операциядан кейін аурудың қайта өршу қаупін азайтуға арналған. Дәрі сүт безі қатерлі ісігінің I, II және III сатысында, аурудың қайталану қаупі орташа немесе жоғары пациенттерге тағайындалады.

Препарат қалай әсер етеді?

Wilserdly гормонға тәуелді, HER2 ақуызы теріс сүт безі қатерлі ісігінің белгілі бір түріне арналған. Мұндай ісіктердің өсуіне эстроген гормоны ықпал етеді. Ал HER2 ақуызы қалыпты деңгейде болады.

Жаңа препарат эстрогеннің ісік жасушаларындағы рецепторлармен байланысуына кедергі келтіріп, сол рецепторларды жояды. Осылайша, ісік жасушаларының өсуін тежеуге көмектеседі.

FDA препараттың мақұлданғаны туралы ресми баспасөз хабарламасында мәлімдеді. Ведомство өкілдерінің айтуынша, сүт безі қатерлі ісігі көптеген отбасының өміріне әсер еткен, соның ішінде басқарма қызметкерлерінің жақындары да бұл дертпен бетпе-бет келген. Сондықтан аурудың ерте кезеңінде емделіп жатқан пациенттерге арналған жаңа терапия тәсілдерін әзірлеу маңызды.

Мамандардың айтуынша, операциядан кейінгі емнің басты мақсаты – қатерлі ісіктің қайта пайда болуына жол бермеу. Клиникалық зерттеу нәтижелері Wilserdly препаратының аурудың қайталану қаупін стандартты гормондық терапияға қарағанда тиімдірек төмендеткенін көрсетті.

Зерттеу нәтижелері қандай?

АҚШ-та 2026 жылы сүт безі қатерлі ісігінің шамамен 321 910 жаңа жағдайы тіркеледі деп болжанып отыр. Оның 70%-ға жуығы гормонға тәуелді, HER2-теріс түріне жатады.

Жаңа препараттың мақұлдануына 4170 адам қатысқан клиникалық зерттеу негіз болды. Зерттеу барысында Wilserdly қабылдаған пациенттерде қатерлі ісіктің қайта өршуі немесе өлім қаупі 30%-ға төмендеген.

Салыстыру тобындағы пациенттер стандартты гормондық терапия алған. Оларға тамоксифен немесе анастрозол, летрозол, экземестан секілді препараттар тағайындалған. Бұл дәрілер эстроген деңгейін төмендетіп, гормонның ісік өсуіне ықпал етуін тежеуге бағытталған.

Зерттеу үш жылға созылды және оның қорытындысы бойынша, Wilserdly қабылдаған пациенттердің 92,4%-ында сүт безі қатерлі ісігі қайта өршімеген әрі өлім жағдайы тіркелмеген. Ал стандартты гормондық терапия алған топта бұл көрсеткіш 89,6% болған.

Жаңа препаратты қабылдаған адамдарда қатерлі ісіктің дененің басқа бөліктеріне таралу, яғни метастаз беру ықтималдығы да төмендеген, дегенмен дәрінің пациенттердің жалпы өмір сүру ұзақтығына қаншалықты әсер ететінін анықтау үшін қосымша бақылау қажет.

Бұған дейін де қолдануға рұқсат берілген

Wilserdly препараты бұған дейін evERA Breast Cancer зерттеуінің нәтижесі бойынша сүт безі қатерлі ісігінің асқынған немесе метастаздық түрінде эверолимуспен бірге қолдануға мақұлданған.

Бұл ем ауру бұрынғы гормондық терапия кезінде немесе одан кейін қайта пайда болған, не әрі қарай өршіген пациенттерге арналған. Эверолимус – қатерлі ісік жасушаларының өсуін тежеуге көмектесетін препарат.

Қандай жанама әсерлері болуы мүмкін?

Wilserdly қабылдаған пациенттердің кемінде 10%-ында кездесуі мүмкін жиі жанама әсерлерге мыналар жатады:

Бұған дейін болашақта қатерлі ісікті толықтай жоюға бола ма деген сауалға жауап іздеп көргенбіз. Сонымен қатар арқылы «Оземпик» арықтау қатерлі ісікті анықтауды қиындатуы мүмкін. 

Оқи отырыңыз

{