7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Алматыда Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының 90 жылдығына арналған халықаралық мерейтойлық көрме ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, көрмеге өңірлерден келген 250-ден астам кәсіби қазақстандық суретшінің, сондай-ақ Қырғызстан, Өзбекстан, Грузия, Әзербайжан, Беларусь, Бурят, Литва, Тәжікстан, Украина және Молдова суретшілерінің туындылары қойылды.
Сонымен қатар көрмеде заманауи өнердің барлық жанрлары мен стильдері, әр түрлі көркемдік қозғалыстардың тоғысында жасалған, сапалы жаңа шығармашылық жаңалықтар мен жаңа пластикалық мүмкіндіктер бар туындылар ұсынылған.
Бұл көрме Қазақстандағы кескіндеме, графика, мүсін және сәндік-қолданбалы өнердің кәсіби форумы болып табылады.
Іс-шараны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейі және Алматы қаласы Мәдениет басқармасының қолдауымен Қазақстан Республикасы Суретшілер одағы ұйымдастырды.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?