Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіТүркияның танымал актерлері Халит Эргенч пен Рыза Коджаоғлу сотталғаны белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Anadolu агенттігінің хабарлауынша, «Сүлеймен сұлтан», «1001 түн» және «Чукур» телехикаялары арқылы елге танымал болған актерлер Стамбулда өткен жаппай наразылықтарға қатысты тергеу кезінде жалған мәлімет бергені үшін айыпталған. Сот Халит Эргенчке 1 жыл 10 ай 15 күн, ал Рыза Коджаоғлуға 1 жыл 8 ай түрме жазасын тағайындады. Алайда үкімнің орындалуы кейінге шегерілді, бұл сот шешімі кейбір шарттар орындалған жағдайда өзгеруі мүмкін дегенді білдіреді.
Түрік басылымдарының мәліметінше, іс ірі наразылық акцияларымен байланысты болғанымен, нақты деректер жарияланбаған. Тергеу барысында актерлер куәгер ретінде жауап берген, бірақ айыптаушы тарап олардың жалған ақпарат ұсынғанын мәлімдеді. Бұл жағдай қоғамда және әлеуметтік желілерде үлкен реакция туғызды. Көптеген жанкүйерлер бұл шешімді асыра сілтеушілік және саяси астары бар әрекет деп бағалап жатыр. Актерлердің қорғаушылары апелляциялық шағым түсіретіндерін айтып, сот шешімімен келіспейтіндерін жеткізді.
Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіКеше, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік