Суға жүзуден Әділбек Мусин қола жүлдені иеленді

27 Қыркүйек 2023, 20:18 718

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан XIX жазғы Азия ойындарында суға жүзуден Әділбек Мусин қола жүлде алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстандық спортшы 100 метрге butterfly әдісімен жүзуде 51.98 уақыт көрсеткішімен үшінші болып келді.

Биылғы Азия ойындары белгілі себепке байланысты бір жылға шегерілгені белгілі. Ендігі кезекте дүбірлі дода биыл 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтеді.

Еске салайық, бұған дейін Ұлттық құрама мүшесі Аян Тұрсын Ушу-саньда сайысы бойынша қола жүлдегер атанғанын жазған болатынбыз.

 

Перизат Саденова
Бөлісу: