28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарҰлттық ұланның әскери қызметшілері шомылу маусымы кезінде азаматтардың қауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған ерекше анимациялық бейнеролик әзірледі. Жоба заманауи жасанды интеллект технологияларының көмегімен жүзеге асырылған.
Бейнероликтің басты ерекшелігі – оның кейіпкерлері ретінде ҚР ІІМ Ұлттық ұланының өңірлік қолбасшылықтарының шеврондарында бейнеленген жануарлардың таңдалуы. Анимациялық кейіпкерлер ән арқылы балаларға су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, қарапайым сақтық шараларының маңызын жеткізеді.
Жобаның негізгі мақсаты – азаматтардың судағы қауіпсіздік мәселесіне назарын аудару, жазатайым оқиғалардың алдын алу және адамдардың өз өмірі мен айналасындағылардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру.
Мультфильмде тек арнайы жабдықталған әрі рұқсат етілген орындарда ғана шомылу қажеттігі еске салынады. Сонымен қатар белгісіз және тексерілмеген аумақтарға суға түспеу, балаларды қараусыз қалдырмау секілді маңызды ережелер түсіндіріледі. Мамандардың айтуынша, осындай қарапайым сақтық шаралары көптеген қайғылы жағдайдың алдын алуға көмектеседі.
Жасанды интеллект технологияларын пайдалану арқылы кең аудиторияға, әсіресе балалар мен жасөспірімдерге арналған тартымды әрі есте қаларлық контент жасалған. Анимациялық формат қауіпсіздікке қатысты маңызды ақпаратты жеңіл қабылдауға мүмкіндік беріп, оның әсерін күшейтеді.
Ұлттық ұлан өкілдерінің айтуынша, мұндай профилактикалық жұмыстардың басты мақсаты – жазатайым оқиғалардың алдын алып, қоғамдық қауіпсіздік мәдениетін арттыру. Осыған байланысты азаматтардың көпшілік демалыс орындарындағы қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуде.
Ұландықтар қазақстандықтарды өз қауіпсіздігі мен жақындарының амандығына жауапкершілікпен қарауға шақырады. Су айдындарындағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау адам өмірін сақтап қалуға және қайғылы оқиғалардың алдын алуға мүмкіндік береді.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?