6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерБұл туралы Үкімет баспасөз мәслихатында өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Министрдің айтуынша, су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға тек үй салып береді. Ал суға кеткен монша, қора-қопсы қалыпқа келтірілмейді.
Су қиратқан үйлердің ауласындағы уақытша құрылыстарды мемлекет қалпына келтірмейді. Төтенше жағдай заңы бойынша біз тек баспанамен қамтамасыз ететін боламыз. Қазіргі таңда 100 АЕК көлемінде өтемақы беріліп жатыр. Ең басты міндет – баспанамен қамтамасыз ету. Аз ресурстарды қораға, басқасына жұмсауға болмайды, – деді өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев.
Ведомства басшысының сөзінше, қазір әкімдіктермен жаңа құрылысқа жер учаскелерін таңдау жұмыстары жүріп жатыр.
Ақтөбе облысында құрылыс жұмыстары басталды, ал Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстарында дайын жаңа баспана кілттері табысталып жатыр. Бұл жұмыстар басқа да өңірлерде жалғасатын болады, – деді өнеркәсіп және құрылыс министрі.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі