Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАлматы облысы Талғар ауданында суға батып бара жатқан балақайды құтқарған қаһарманның есімі белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жергілікті журналистер батыр жігітті тауып, оқиғаның мән-жайын сұрады.
Мен көпірден өтіп бара жатып, суға батып бара жатқан баланың жанында жүгіріп келе жатқан балаларды байқадым. Олар оған көмектесе алмай тек айқайлап келе жатты. Мен тез жүгіріп, оны судан шығардым. Бала су жұтып алған, кішкене қорқып қалған. Судан шығарғаннан кейін, ол өз-өзіне келген соң достарымен кетіп қалды. Өзімді батырмын деп санамаймын. Менің орнымда кім болса да көмектеседі деген ойдамын, – деді ол.
Серік 28 жаста, жүк тасымалымен айналысады.
Талғар ауданының әкімдігі өз кезегінде батырдың назардан тыс қалмайтынын мәлімдеді. Әкім ризашылық білдіру үшін онымен кездесу өткізеді.
Айтай кетейік, әлеуметтік желілерде үлкен Алматы каналында суға батып бара жатқан баланың видеосы тарады. Оған кездейсоқ өтіп бара жатқан адам көмекке келіп, балақайды судан аман алып шықты.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары