Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыСудья Айжан Күлбаева атышулы экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сотынан кейін өмірінде қандай өзгерістер болғанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Күлбаева журналистердің «Судья болу үшін қандай мықты қабілет қажет?» деген сұрағына жауап берді.
Әрине, стреске төзімділік, есте сақтау қабілетінің жоғары болуы, өз-өзінді ұстай білу маңызды, - деді судья.
Ол судья маманы жұмыстан кейін де судья болып қалуы керек екенін айтты.
Яғни сен жұмыстан тыс уақытта судья емессің дегенді білдірмейді. Сен әр уақытта сол қалыпты сақтап қалуың керек. Сонымен қатар бүгінгі Қазақстан Республикасының судьялар съезінде Әдеп кодексі талқыланды. Сондықтан, меніңше, судья 24/7 судья болып қалады, - деді.
Айжан Күлбаева сот процестерінен кейін қалай тынығатыны жөніндегі сұраққа жауап берді.
Қылмыстық нормалардан, сот жүйелерінен бөлек міндетті түрде кітап оқу маңызды. Мәселен, психологиялық және коммуникация жайлы кітап оқимын, - деді ол.
Айта кетейік, биыл Қазақстанда алғаш рет екі сот процесі ашық өтті. Солардың алғашқысы - экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі. Сот процесінің судьясы болған Айжан Күлбаева бірқатар қиындық болғанын айтты.
Ашық сот отырысын жүргізу оңай емес. Қиындықтар болды. Бірақ оның барлығы артта қалды, - деді Күлбаева.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары