13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызРесейдің Белгород облысында мектеп оқушысы субұрқақтан тоқ соғып көз жұмды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Оқиға Томаровка кентінде болған. SHOT деректеріне сәйкес, 13 жастағы Рита 14:00 шамасында дос қызымен бірге серуендеп жүрген. Қыздар алаңда ойнап, контактылы субұрқақ арқылы жүгіріп өтіп жүрген.
Рита үшінші рет жүгіргенде тоқ соғып, есінен танып құлаған. Қасындағы құрбысы оны тартып алмақ болғанымен, ештеңе істей алмаған. Куәгерлер мен жергілікті мәдениет үйінің қызметкерлері көмекке ұмтылған. Су өшірілгеннен кейін ғана қызды қауіпсіз жерге шығара алған. Өкінішке орай, жедел жәрдем келгенше Рита қайтыс болып кетті.
Құрбысы өзін кінәлап, оны тоқтатпағанына қатты өкінді. Қыздың әжесі мен атасы немересін серуендеуге жібергендеріне өздерін кінәлады. Бұл – орны толмас қайғы, – деді оқиға куәгерлері.
Оқи отырыңыздар:
Рита – отбасының жалғыз баласы. 6-сыныпты аяқтаған, жақсы оқыған, би үйірмесіне қатысқан. Қайғыдан қан жұтқан ата-анасы облыс губернаторынан оқиғаны жеке бақылауға алып, өңірдегі барлық субұрқақты тексеруді сұрады.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды