Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрҚостанай және Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласында рұқсат етілген мәндерден ауытқу бары анықталды.
Бүгінгі таңда елімізде 643 субұрқақ жұмыс істейді, оның 318-і (49,4%) зертханалық бақылаумен қамтылған. Ағымдағы жылғы өткен кезеңде вирусологиялық көрсеткіштерге 197 су сынамасы, бактериологиялық көрсеткіштерге 76 су сынамасы және санитариялық-химиялық көрсеткіштерге 47 су сынамасы алынды. Сәйкес келмейтін сынамалардың негізгі көлемі (9,1%) вирусологиялық көрсеткіштер бойынша анықталған.
Зерттеу нәтижелері бойынша рұқсат етілген мәндерден ауытқулар Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласында анықталды. Қалған өңірлерде зерттелетін су сынамаларының нәтижелері нормаланатын көрсеткіштер шегінде.
Жыл сайын, жазғы кезеңде мамырдан қыркүйекке дейінгі айларда, вирустық санитариялық-химиялық және бактериологиялық көрсеткіштерге су сынамаларын ала отырып, субұрқақ кешендерінің су сапасына мониторинг жүргізіледі.
Су мониторингінің нәтижелері бойынша шаралар қабылдау үшін жергілікті атқарушы органдарға, аумақтық полиция департаменттеріне, сондай-ақ бұрқақтарға қызмет көрсететін ұйымдарға ұсынымхаттар жолданды.
Жазда балалардың сүйікті ойын-сауықтарының бірі – субұрқақтарда шомылу. Фонтанды шомылуға арналған орын ретінде ересектер де пайдаланатын кездер болады. Мұндай зиянсыз ермек өте қауіпті. Мәселе мынада, қалалық субұрқақтардағы су шомылуға арналмаған. Оның құрамына денсаулыққа айтарлықтай зиян келтіретін түрлі химиялық заттар қосылады. Әр түрлі инфекцияларды жұқтыру қаупі бар. Кейіннен адам оны тек жұқтырып қана қоймай, ауруды таратуы мүмкін.
Фонтанда шомылу жіті ішек инфекциясына, респираторлық инфекцияға әкелуі мүмкін, ал негізгі қауіп – энтеровирустық, ротавирустық инфекциялар, сондай-ақ А вирустық гепатиті.
Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова