23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?«Интер Майами» шабуылшысы Луис Суарес карьерасын американдық клубта аяқтайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
37 жастағы уругвайлықтың МЛС клубымен келісімшарты 2024 жылдың соңына дейін жасалған.
«Интер Майами» карьерамдағы соңғы клуб болады. Отбасым бұл туралы біледі. Әзірге қашан аяқталатынын білмеймін, бірақ бұл соңғы аялдама болады. Қазір бұл сөздерді айтып жатып-ақ көзіме жас үйірілетін секілді. Бірақ бұған да дайындықпен келу керек. Бұрынғы футболшының айтқаны бар: «футболшылар ешқашан карьерасын аяқтауға дайын болмайды», - деді Суарес Del Sol FM-ге берген сұхбатында.
Суарес өз карьерасында «Аякс» (Нидерланд), «Ливерпуль» (Англия), Испанияның «Барселона» және «Атлетико» клубтары мен бразилиялық «Гремио» мен өз елінде «Насьональда» өнер көрсеткен.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік