23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіӨнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Ахуалдық орталығында тұрғын үйлерді қалпына келтіру шаралары жөніндегі Жедел штабтың кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Іс-шараға ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов, Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары әкімдерінің орынбасарлары қатысты.
Вице-министр су тасқынынан залалшеккендерге арналған тұрғын үйлердің құрылыс-монтаждау жұмыстарының барысы online режимде «Bitrix» цифрлық платформасы арқылы бақыланатынын атап өтті. Осы жұмыс аясында бұқаралық құрылыс алаңдарында бейнебақылау камералары орнатылатын болады.
Тұрғын үйлерді салу және жөндеу барысында сапаға ерекше назар аудару қажет, – деді Қуандық Қажкенов.
Қазіргі мәліметтер бойынша 677 отбасына тұрғын үйлерін жөндеу және қалпына келтіру үшін өтемақы төленсе, 257 отбасыға қираған тұрғын үйлердің орнына жаңа үйлер мен пәтерлер берілді. Одан бөлек Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында зардап шеккен азаматтар үшін 814 тұрғын үйдің құрылысы басталды.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады