Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҮкімет отырысының баспасөз брифингінде ТЖ вице-министрі Бауыржан Сыздықовтан журналистер су тасқынына бөлінген 7 миллиард теңгенің қайда кеткенін сұрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұған дейін ТЖ департаменті су тасқыны салдарынан туындайтын төтенше жағдайдың алдын алу және ескертуге жергілікті атқарушы органдармен барлығы 7 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінгенін айтқан еді. Бүгін баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдері қаржының қайда жұмсалғанын ТЖ вице-министрінен тікелей сұрады.
Мен түсіндіріп кетейін, іс жүзінде 7 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінбеді, бірақ қарастырылды. Осыны дұрыс түсініңіздер. Бұл қаржы жергілікті атқарушы органдардың бюджеттерінде қарастырылған. Бүгінгі таңда заңға сәйкес барлық өңірдің бюджетінде төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюға резерв болады. Сол резервке 2024 жылға 7 миллиардтан астам қаржы қарастырылған. Бүгінгі таңда су тасқынының алдын алу және оны жоюға әкімдіктердің ақпараты бойынша 3 миллиардтан астам қаржы бөлінген. Бұл қаржының барлығы су тасқынының алдын алуға және онымен күресуге жұмсалып жатыр, – деді ТЖ вице-министрі Бауыржан Сыздықов.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары