Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіМәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, волонтерлер Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Абай облыстарындағы суға кеткен аймақтарда адамдарды эвакуациялап, аумақтарды жинасуға көмек қолын созып, ыстық тамақ пен ауыз су таратуға және басқа да түрлі іс-шараларға белсенді атсалысып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Халыққа көмек көрсетуге барлығы 500-ден астам ерікті, волонтерлік ұйымдар мен топтар жұмылдырылды.
Мәселен, Қостанай облысының Арқалық қаласында жергілікті атқарушы органдардың өкілдері еріктілермен бірлесіп, ауданның 45 үйінде еріген суды сору жұмыстарын жүргізді, 880 тоннадан астам қож және 120 тонна топырақ пайдаланылып, 300-ден астам инертті материал төселді.
Оқу орындарының студенттерінен жасақталған волонтерлік топтар суға кетуі мүмкін, қауіпті үйлердің аумағын қардан тазартпақ. Бұл іске облыс бойынша барлығы 200-ге жуық ерікті тартылды, - делінген мәліметте.
Солтүстік Қазақстан облысында волонтерлердің аймақтық фронт офисі, «Көмек жаныңда» волонтерлік қозғалысы және ТЖД-мен бірлесіп, су басу қаупі бар жерлерге рейдтер жүргізіп, тұрғындарға нұсқау беріп, жадынамалар таратып жатыр.
Қала мен аудандардағы су басуы мүмкін, қауіпті учаскелерде орналасқан тұрғын үйлер ерекше бақылауға алынды.
Барлық өңірлерде арнайы волонтерлық топтар ұйымдастырылған, қажет болған жағдайда олар құтқару қызметтеріне көмектесетін болады.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады