23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Үкіметтің қолдауымен Орталық коммуникациялар қызметінің базасында су тасқынынан зардап шеккендерге арналған барлық қажетті ақпарат бір сайтта жинақталатын Qoldau.gov.kz ресурсы әзірленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Онда қолдау шаралары туралы өзекті деректер, онлайн-өтініштер, жедел мәліметтер, соңғы жаңалықтар, ресми тұлғалардың мәлімдемелері, министрліктер мен әкімдіктердің релиздері бар.
Орталық коммуникациялар қызметі директорының орынбасары Александр Белиловский атап өткендей, барлық дерек барынша тез жаңартылып, қосылып отырады.
Су тасқыны басталғаннан бері ОКҚ базасында Республикалық ақпараттық штаб ашылды, Осы уақытқа дейін министрліктер мен әкімдіктер өкілдерінің қатысуымен 170-ке жуық брифинг өткізілді. Үкімет зардап шеккен өңірлердегі ахуал және су тасқынының салдарын жою үшін қабылданған барлық шаралар туралы дереу хабардар етеді. Су тасқынына байланысты ақпарат көп болған жағдайда, адамдарда оны тексеріп, ресми дереккөздермен салыстыру мүмкіндігі болуы керек, - деді спикер ОКҚ алаңында өткен брифингте.
Су тасқынынан зардап шеккен әрбір азамат өз жағдайы туралы ақпаратты тексере алады. Жақын арада платформада осындай функция іске қосылмақ.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік