22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыҚазақстандық екінші деңгейлі банктер су тасқынынан зардап шеккен халық пен кәсіпкерлерге қолдау көрсетуге бағытталған шұғыл шараларды қолдауға дайын. Яғни, банктер су басқан аумақтардағы несиесі бар қазақстандықтарға қарызды кейін төлеуге мүмкіндік береді. Бұл туралы Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өз тарапынан банктер келесі қолдауды көрсетуге дайын екендіктерін растаған:
- 2024 жылғы 1 сәуірден бастап 30 маусымға дейінгі кезеңге жергілікті атқарушы органдардың тізімдері бойынша су тасқынынан зардап шеккендерге жатқызылған қарыз алушыларға – жеке тұлғаларға кредиттерді өтеу мерзімін ұзартуды қамтамасыз ету;
- Су тасқыны салдарынан қаржылық жағдайы нашарлаған қарыз алушылардан – жеке тұлғалардан 2024 жылғы 1 сәуірден 30 маусымға дейінгі кезеңде төлемдерді уақытылы төлемегені үшін айыппұл мен өсімпұлдар салмау;
- Су тасқыны салдарынан шаруашылық қызметiнiң бұзылуына байланысты жеке кәсiпкерлер мен шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң несиелiк мiндеттемелерiн орындауды кейiнге қалдыруды қамтамасыз ету.
Банкке тиiстi өтiнiштер беру және форс-мажорлық мән-жайлардың туындауын растайтын құжаттарды ұсыну қажеттiлiгiн қоса алғанда, кейiнге қалдыруды берудiң нақты тетiктерiн әрбiр екiншi деңгейдегi банк жоғарыда аталған қарыз алушылардың барлық санаттары үшiн дербес айқындайды. Осы тетіктердің сипаттамасы және қарыз алушыларға қажетті барлық әрекеттер жақын арада банктердің ресми сайттарында және олардың әлеуметтік желілердегі шоттарында жарияланады.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев