Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрАқмола облысында су тасқынынан зардап шеккендерге eGov Mobile қосымшасы арқылы көмек алуға өтінім беру бойынша пилоттық жоба іске қосылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР ЕХӘҚМ мәліметінше, өтінім беру үшін мобильді қосымшаға кіріп, басты бетте «Су тасқынынан зардап шеккендер бойынша жаңа сауалнама» қызметін табу қажет. Ашылған терезеде зардап шеккендер туралы барлық қажетті деректер мен ақпаратты, соның ішінде банктік шотты, байланыс телефонын, оқиғаның мекенжайын, уақытша тұрғын үй мен зардап шеккен мүліктің болуын немесе болмауын, келтірілген залалдың сипаттамасын көрсету қажет. Барлық деректерді толтырғаннан кейін сауалнамаға ЭЦҚ көмегімен қол қою қажет.
«Әлеуметтік көмек» автоматты ақпараттық жүйесі арқылы өтінім оқиға орын алған ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдарға түседі. Өңделген өтінімдер бойынша зардап шеккен мүлікке көшпелі бағалау жүргізіледі және қажетті қолдау көрсетіледі.
Бағалауды жүргізуді бақылау фото және бейнетүсірілім, сондай-ақ FSM social арнайы мобильді қосымшасы арқылы геофиксациялау арқылы тіркелетін болады, - делінген мәліметте.
Енгізілген тетік барлық мәліметті цифрландыра отырып, төтенше жағдайлар кезінде көмек көрсету процесін толық мониторингілеуге және бақылауға мүмкіндік береді.
Ведомстводағылар сіздің деректеріңізді өзгелер алып қоймас үшін тек eGOV Mobile ресми қосымшасын пайдалануға кеңес береді.
Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова