23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАқтөбе облысында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарды баспанамен қамту жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Темір ауданының Құмсай ауылындағы 21 отбасы жаңа баспаналарына көшті.
Үш бөлмелі, ауданы 80 шаршы метрді құрайтын үйлер тұрғындардың ортақ шешімімен ауылдың биік жерінен салынды.
Баспаналардың кілтін салтанатты түрде табыстау рәсіміне облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, Темір ауданының әкімі Саламат Аманбаев, мердігер компания өкілдері қатысып, құмсайлықтарды қоныстойларымен құттықтады. Әр жаңа қоныс иесіне тұрмыстық техникалар тарту етілді.
«Кешегі көктемгі су тасқыны кезінде осы ауылға келгенімізде, халықтың көңіліндегі кірбіңімен жанайқайын көрген едік. Қаншама тұрғын баспанасыз қалды. Осындай жағдай еліміздің аймақтарында да болды. Сол кезде Мемлекет басшысы, облыс әкімі, аудан әкімі халықтың ортасында бола білді. Халықтың көкейінде «Біз не істейміз, қайда барамыз, болашағым не болады деген» үлкен сұрақ болғаны рас. Қазір, міне, қуанышты күнге жетіп, жаңа тұрғын үйге көшіп жатырсыздар. Қуаныштарыңыз құтты болсын, шаңырақтарыңыз шаттыққа толы болсын»,
- деді жерлестерін құттықтай келген облыстық мәслихат депутаты Боран Ізбасов.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады