Кеше, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жарияладыПремьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Үкімет отырысында су тасқынынан зардап шеккен отбасылар үшін тұрғын үй құрылысы бұрын-соңды болмаған қысқа мерзімде жүргізілгенін хабарлады, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.
Бозымбаевтың сөзінше, 3,5-4 айда үлгілік жобалар бойынша 2 576 үй салынды және қайталама нарықта 5767 үй мен пәтер сатып алынды.
Бұл жұмыс Атырау, Ақтөбе, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында толығымен аяқталды. Бүгінгі таңда Ақмола облысында 38 және Батыс Қазақстан облысында 28 үйдің құрылысы аяқталуда. Тапсыру мерзімі – 1 қазан. БҚО Сырым ауданында жер асты суларының көтерілуі нәтижесінде 38 саман үй жарамсыз болып қалды. Бұл факт тамыз айының соңында анықталды. Осыған байланысты 15 қазанда тұрғындарға қосымша үй салу туралы шешім қабылданды, – деді Қанат Бозымбаев.
Су тасқыны нәтижесінде Қазақстанда азаматтардың жалғыз баспанасы болып саналатын 17,6 мыңға жуық үй мен саяжай құрылыстары су астында қалды. Тексеру нәтижесінде 9 156 үй жөндеуге жатқызылды, 8 447 үй апатты деп танылды.
Кеше, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады12 Қазан, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?