23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіСауда министрлігі су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің өнімдермен қамтамасыз етілуін бақылайды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Ведомствоның ресми өкілі Әлия Әбдірахманова атап өткендей, Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, барлық өңірлерде әлеуметтік азық-түлік бағасының нөлдік өсім байқалады.
Министрлік су тасқынынан зардап шеккен облыстарда азық-түлік тауарларымен, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар тауарлармен қамтамасыз етілуін бақылайды. Көшпелі тексеру жүргізілді, азық - түлік қоры тексерілді, - деді спикер республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте.
Алдын ала деректер бойынша өңірлерде 80 сауда нысаны зардап шекті (Павлодар облысында – 1, Қостанай облысында – 22, Ақтөбе облысында – 9, Атырау облысында – 35, Батыс Қазақстан облысында-13 нысан). Залал сомасы нақтыланады. Қалған өңірлерде жағдай тұрақты.
Министрлік ірі сауда желілерімен баға тұрақтылығын қамтамасыз ету қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді, - деп атап өтті сауда министрлігінің ресми өкілі.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады