Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарАқтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккен 250 бала сауықтыру лагерлеріне демалуға жіберілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккен балалардың алғашқы легі республикалық сауықтыру лагерьлеріне демалуға жіберілді. Осы көктемгі су тасқыны бүкіл ел үшін үлкен сынақ болды. Дегенмен, қазақстандықтар әдеттегідей қиын кезеңдерде бірлігін, ынтымақтастығын көрсетіп, бір-бірлеріне қол ұшын созуда.
Еліміздің түкпір-түкпірінен гуманитарлық көмектер жеткізілуде. Сондай-ақ, Алматы, Ақмола, Түркістан, Жамбыл, Қарағанды өңірлерінде орналасқан сауықтыру орталықтары Ақтөбе облысынан 250 баланы қабылдауға ниет білдірді.
Қазіргі уақытта 200 kбала аталған аймақтардағы ең жақсы деген лагерьлерде демалып жатыр. Олардың ішінде су тасқынынан ең көп зардап шеккен Ақтөбе облысы Ойыл, Қобда, Әйтеке би, Темір аудандарының және Ақтөбе қаласының оқушылары бар.
Ойыл ауданынан тағы 30 бала бүгін Алматы облысындағы «Балдәурен-Қонаев» республикалық оқу-сауықтыру орталығына орналастырылады. Ал ертең 20 жас ақтөбелік Қарағанды облысының «Балдәурен-Балқаш» оқу-сауықтыру орталығына келеді.
Сауықтыру орталықтарында балаларға барлық жағдай жасалған, оқиды, толыққанды демалып, спортпен шұғылданады және шығармашылық қабілеттерін дамытады.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?