23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Еліміз бойынша көктемгі су тасқыны басталғалы бері 104 233 адам, оның ішінде 37 983 бала қауіпсіз жерлерге жеткізіліп, олардың ішінде 11 571 адам үйлеріне оралды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Уақытша орналасу пунктеріне 7 146 адам, оның ішінде 3 163 бала орналасты. Сондай-ақ, 9,2 млн текше метр еріген қар суы сорып шығарылған. 1,8 млн қапшық және 1,2 млн тонна инертті материал төселді. Бұл туралы Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш хабарлады.
Бүгінгі таңда авариялық-құтқару жұмыстарына 30 591 адам, 3 531 техника, оның ішінде, 679 су сору құралы, 208 жүзу құралы, 14 әуе кемесі жұмылдырылды.
Осы сағатта Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында 4 117 жеке тұрғын үй, 1 264 аула аумағы және 2 037 саяжай үйлері су астында қалуда. 3 299 тұрғын үй мен 2 241 аула аумағынан су бұрылды. Есіл өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданының елді мекендерінде халықты эвакуациялау жүргізілді. Эвакуациялау жұмыстары жалғасуда, - деді спикер.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік