7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Барлық зардап шеккен аймақтарда су тасқынынан келтірілген шығынды бағалау комиссиялары жұмыс істейді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Еліміздің сегіз облысындағы елді мекендерде ауқымды табиғи апат салдарынан азаматтарға келтірілген материалдық шығынды бағалау және өтеу бойынша арнайы комиссиялар жұмыс істейді.
Өтініштер Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Ұлытау облыстарының елді мекендерінде қабылданады. Ал, Қарағанды облысында азаматтарға келтірілген залалды есептейтін комиссияның жұмысы аяқталды.
Су тасқыны салдарынан мүлкі бүлінген азаматтар алгоритм бойынша төтенше жағдай басталған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде материалдық шығынды өтеуге өтініш бере алады.
Зардап шеккендер қаржылық көмек, тұрғын үй және әлеуметтік қорғау шаралары түріндегі мемлекеттік қолдауға қол жеткізе алады. Сонымен қатар оларға несие төлеу мерзімін кейінге қалдыру қарастырылған. ШОБ субъектілеріне, фермерлерге және мал басын жоғалтқан ауыл шаруашылығы иелеріне келтірілген шығынды өтеу де қарастырылған.
Инфографикалар: primeminister.kz
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?