23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіСу тасқыны жағдайы туралы ОКҚ баспасөз орталығында ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Сайпаш Ерасыл жедел ақпарат берді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Оның деректері бойынша Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарында 3358 жеке тұрғын үй, 326 аула аумағы және 2089 саяжай үйлері су астында қалып отыр.
Сондай-ақ республикалық, облыстық және жергілікті маңызы бар автожолдардағы 100 автожолдың, оның ішінде 9 көпір және 91 жол төсемін су шайды, 114 жолдың суға толуы орын алды. Бүгінгі таңда еліміздің 69 елді мекенінде көлік қатынасы үзілген. Азаматтық қорғау қызметтерімен 80 мыңнан астам адам құтқарылды және эвакуацияланды, оның ішінде 29 мыңға жуық бала бар. Уақытша орналастыру пунктерінде 7656 адам, оның ішінде 3316 бала бар.
ТЖМ және жергілікті атқарушы органдардың күшімен 7,9 млн текше метрден астам еріген су тартылды, 1 млн астам қапшық құм және 1 мың тонна инертті материал төселді. Авариялық-құтқару жұмыстарына 18 мыңға жуық адам, 3,5 мыңға жуық техника, 9 әуе кемесі жұмылдырылды.
Еліміздің 9 өңірінде Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ұлытау, Ақмола, Қарағанды, Атырау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында жергілікті ауқымдағы 29 ТЖ әрекет етеді. 20 өңірде республикалық және облыстық жедел штабтар жұмыс істейді, - деп баяндады спикер.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады