30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыСу тасқынын жою жөніндегі республикалық штаб нақты уақыт режимінде алтыншы тәулікте азаматтарды су басу аймақтарынан эвакуациялау үшін авиациялық ресурстарды бөлуді жүргізуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сондай-ақ, Ақтөбе облысындағы су тасқыны аймағынан адамдарды әскери тікұшақтармен эвакуациялау жалғасуда. Бүгін ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының күшімен Қорғаныс министрлігімен бірлесіп кезекті арнайы операция өтті. Есіл ауданының Көптоғай ауылдық округінің су басқан аймағынан құтқарушылар альпинистік жабдықтың көмегімен 7 жергілікті тұрғынды эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ.
Сондай-ақ, Жаңаарқа ауданында 3 адам эвакуацияланды. Бүгін түнде Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында ТЖД, ЖАО күшімен 3 адам эвакуацияланды, олар 30 наурыз күні түстен кейін ауылдан трактормен шығып, Ералиев кентінен 49 шақырым жерде балшық массасында қалып қойды. Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет емес.
РЖҚЖ құтқарушылары Алматы облысы, Қараой ауылындағы бөгетті нығайту жұмыстарын жүргізуде. Республикалық жедел-құтқару жасағының 17 құтқарушысы бөгетті құм салынған қаптармен нығайту бойынша тәулік бойы жұмыс жүргізуде, су деңгейі бақылауға алынған.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды