6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерЕлде су тасқыны басталғалы бері азаматтық қорғау қызметтері 85 мыңға жуық адам, оның ішінде 30 мыңға жуық баланы құтқарды және эвакуациялады. Бұл туралы ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазіргі уақытта уақытша орналастыру пункттерінде 8349 адам, оның ішінде 3809 бала орналастырылған.
ТЖМ және жергілікті атқарушы органдардың күштерімен 8 миллионнан астам текше метр еріген қар суы сорылды, бір мыңнан астам қапшық және бір мың тонна инертті материал төселді. Авариялық-құтқару жұмыстарына 16 мыңнан астам адам және 2500-ге жуық бірлік техника жұмылдырылды, - деді аға офицер.
Еліміздің 9 өңірінде Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ұлытау, Ақмола, Қарағанды, Атырау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында жергілікті ауқымдағы 29 төтенше жағдай әрекет етеді. «Жедел желі» телефондарына 1 129 қоңырау келіп түсті, шұғыл психологиялық көмек 76 адамға көрсетілді.
20 өңірде республикалық және облыстық жедел штабтар жұмыс істейді.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі