Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліТөтенше жағдайлар министрлігі еліміз бойынша су тасқыны болған аймақтарға құтқару жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгін сағат 11-00-де "Қазавиақұтқару" АҚ Ми-875 тікұшағымен "Жезқазған-Арқалық" бағыты бойынша Абдуғаппар хан қыстағынан Арқалық қаласына әйел баласымен эвакуацияланды, - деді министрлік өкілдері.
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Сондай-ақ, кеше Ақтөбе облысында бірнеше тұрғын тікұшақпен ауруханаға жеткізілген.
30 наурызда Қобда ауданы Көкуй ауылында су тасқыны жағдайына және кірме жолдың болмауына байланысты МИ-8 Қорғаныс Министрлігі тік ұшағы және 2 ТЖД құтқарушысы науқас пациентті аудандық ауруханаға тасымалдады. Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Ақтөбе облысындағы Қаратал ауылының жергілікті тұрғындарын эвакуациялады. Қозғалтқыштары бар үрлемелі қайықтарда 111 адам, оның ішінде 36 бала қауіпсіз жерге эвакуацияланды. МИ-8 борты зардап шеккендерді Ақтөбе қаласына жеткізді, - деді ТЖМ баспасөз қызметі.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс