Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарҚұлсарыда су басқан үйін көруге шығып, із-түссіз кеткен әкесі мен ұлы төрт күннен бері табылмай жатыр, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Диана Нұржауова әкесі Болатбек Ермекбаев пен ағасы Асылхан Нұржаудан көз жазып қалған. Олар төрт күн бұрын резеңкелі қорғаныс костюмдерін киіп, топан су басқан үйлерін тексеруге кеткен, бірақ әлі күнге дейін хабар жоқ. Көліктері дүкеннің жанынан табылған.
Ол жақын жандары жоғалған кезден бастап, ТЖД өкілдеріне, полицияға хабар берген. Бірақ құзырлы органдардан ешқандай көмек болмағанын айтады.
Полиция өкілдері осы аймақты күзетуі керек. Себебі менің әкем мен ағам секілді қанша адам үйлерін қарау үшін кетіп жатыр. Олар да ойда-жоқта жазым болуы мүмкін ғой? Тілшілерге мән-жайды айтқан соң ғана құзырлы органдар қимылдай бастады, - дейді Диана Нұржауова.
Атырау облысы ТЖД төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы Жантөре Демешов әзірге іздеу жұмыстары еш нәтиже бермей отырғанын айтады.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?