23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіКөктемгі су тасқынына қарсы жұмыстар кезінде көзге түскен 15 теңіз жаяу әскері «Апатпен күрескені үшін» медалімен марапатталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Батыс» өңірлік қолбасшылығы теңіз жаяу әскерлері бригадасының офицерлері, сержанттары мен мерзімді қызмет сарбаздары «Ақ жол» демократиялық партиясы атынан сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ержан Бейсенбаевтың қолынан марапатқа ие болды. Халық қалаулысы Отан қорғаушыларға су тасқынына қарсы күресте көрсеткен жанқиярлығы үшін алғысын білдірді.
Халық сіздерді әрдайым мақтан тұтады. Ел басына күн туған қиын сәтте сіздер су тасқынынан зардап шеккен елді мекендердің тұрғындарына көмекке келдіңіздер, – деді Ержан Бейсенбаев теңіз жаяу әскерлеріне.
Көктемгі су тасқыны кезінде «Батыс» өңірлік қолбасшылығы теңіз жаяу әскерлері бригадасының 300-ден астам әскери қызметшісі екі ай бойы Атырау облысының Махамбет ауданында табиғи апатпен күресті. Әскери қызметшілер тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, зардап шеккен ауылдарды қалпына келтіруге көмектесті.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады