30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыСу тасқыны кезінде Марқакөл ауданындағы Орта-Теректі су қоймасында мамандар кезекшілік етеді. Бұл туралы ШҚО әкімі Ермек Көшербаев ауданға жасаған жұмыс сапары кезінде белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әкімдіктегілер өңірде биыл қар қалың жауғандықтан, топан суға қарсы іс-шараларға ерекше көңіл бөлініп отырғанын алға тартты. Осы ретте облыс әкімі Орта-Теректі су қоймасының жағдайымен танысты. Өткен жылы оның техникалық жай-күйіне сараптама жасалып, жөндеу жұмыстарының қажет екені айтылған болатын. Тиісті жұмыстар ауа райының қолайлы кезеңінде басталды. Нәтижесінде су ағызғыштың негізі бетондалып, су қоймасының түбіне тор төселді.
Аймақ басшысы жергілікті халықпен кездесіп, су қоймасының былтыр қалай жұмыс істегенін сұрады. Қазіргі уақытта тұрғындарға қауіп төніп тұрған жоқ. Негізгі құрылымдар штатты режимде жұмыс істеуде. Су тасқыны басталған кезде мамандар кезекшілікке шығатын болады.
Айта кету керек, биыл Орта-Теректі су қоймасының бөгетін жоспарлы түрде қайта жаңғыртудың жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу жоспарлануда.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды