Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҮкімет отырысында су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов су тасқыны кезінде су қоймаларында 12 млрд м3 астам су жинақталғанын хабарлады, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл су қазір экономика салаларының қажеттілігі үшін пайдаланылады. Мысалы, өткен жылы бүкіл су тасқыны кезеңінде су қоймаларынан жалпы су ағызу шамамен 13 млрд м3 құраса, биыл бір айда 36 млрд м3 асты, бұл ағымдағы су тасқынының ауқымын көрсетеді.
Бұл ретте біздің су шаруашылығы құрылыстары шиеленісті кезеңде суды қабылдауды және қауіпсіз ағызуды қамтамасыз етті, бұл тасқын суларды соңғы жылдары тапшы болған су айдындарына жіберуге мүмкіндік берді, — деп атап өтті Нұржан Нұржігітов.
Министрліктің мәліметінше, бір Астана су қоймасын тасқын сулармен толтыру 2 млрд теңгеден астам үнемдеуге мүмкіндік берді, өйткені оны Қ. Сәтбаев каналы арқылы қосымша толтыру қажеттілігі жойылды. Сондай-ақ Батыс Қазақстан облысының Қамыс-Самар көлдеріне 80 млн м3 тасқын су құйылды. Ұлытау облысынан Қызылорда облысына 839 млн м3 су жіберілді. Жыл басынан бері Балқаш көліне 12 млрд м3 су келді.
Биылғы қыркүйек айының басындағы жедел деректерге сәйкес, су қоймаларынан ауыл шаруашылығының қажеттілігіне 8,4 млрд м3 су, өнеркәсіпке – 3,7 млрд м3 пайдаланылды.
Қазіргі уақытта Қазақстанның Солтүстік, Орталық, Шығыс және батыс өңірлерінің су қоймалары 80%-ға толды.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?