Кеше, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш бүгінде 11 950 адам үйлеріне оралғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Уақытша орналастыру пункттерінде 6 814 адам, оның ішінде 2 995 бала бар. 9,5 млн текше метрден астам еріген су тартылды, 2,2 млн қапшық және 1,2 млн тонна инертті материал төселді.
Авариялық-құтқару жұмыстарына 33 334 адам және 4 066 бірлік техника, оның ішінде 835 су айдау құралы, 275 жүзу құралы, 11 әуе кемесі жұмылдырылды.
Қазіргі уақытта 5 411 жеке тұрғын үй, 1 607 аула аумағы және 2 035 саяжай үйі су астында қалып отыр. 3,5 мыңға жуық тұрғын үйден және 2 157 аула аумағынан су бұрылды.
Сондай-ақ спикер Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Ұлытау облыстары секілді еліміздің 8 өңірінде жергілікті ауқымдағы 36 ТЖ әрекет ететінін еске салды.
Кеше, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіКеше, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?Кеше, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?Кеше, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?