Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрАтырау облысындағы 41 елді мекен бойында қорғаныс құрылыстары салынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Су тасқыны кезеңінде өңірде 500-ден астам км қорғаныс құрылыстары салынды. ҚР ТЖМ өкілі Асқар Шәріптің мәліметінше, бүгінде облыста ТЖМ әскери бөлімдерінің әскери қызметшілерін қоса алғанда, 10 өңірден келген құтқарушылар тобы бар. ТЖМ қызметкерлері Жайық өзеніндегі су деңгейіне сағат сайын мониторинг жүргізеді. Су басқан аймақтардан су сору жұмыстары тәулік бойы жалғасуда. Құлсары қаласында 2 564 тұрғын үйден су бұрылды.
Республика бойынша 7 089 жеке тұрғын үй мен 2 834 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды, 39 352 адам өз үйлеріне оралды. 6 552 адам эвакуациялау пункттерінде орналасқан. Су тасқыны бастағалы бері 13,1 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 7,6 млн астам қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді. Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 17 мыңнан астам адам, 2 мыңға жуық техника, 291 су сору құралы және 203 жүзу құралы, 7 әуе кемесі жұмылдырылды, - деді спикер.
Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова