23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Су тасқыны кезеңінің басынан бастап Батыс Қазақстан облысының аумағында 581 тұрғын үй және оның ауласын, 245 аула аумағын, 427 саяжай үйді су басты, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Автожолдардың 71 учаскесінде су басу және 60 шаю оқиғасы орын алды. Көлік қатынасынсыз 9 елді мекен қалып отыр. Жергілікті ауқымдағы 6 ТЖ жарияланды. 7 мыңнан астам адам эвакуацияланды, оның ішінде 3 665 бала бар. Бұл туралы БҚО Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Қанат Қарабалаев.
Оның айтуынша, уақытша орналастыру пункттерінде 1 455 адам орналастырылды, оның ішінде 536 бала бар. Сыйымдылығы 9 мыңға жуық адам болатын 161 уақытша орналастыру пункті дайындалды.
Су тасқыны басталғаннан бері облыстық Азаматтық қорғау қызметтерінің қатысуымен су тасқынын жою жөніндегі облыстық жедел штаб жұмыс жасауда, осыған ұқсас штабтар Орал қаласы мен облыс аудандарында жұмыс жасауда,- деді БҚО Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Қанат Қарабалаев.
Су тасқыны салдарын жоюға барлығы 4 251 адам, 954 бірлік техника, 100-ге жуық бірлік жүзу құралдары, 332 бірлік су сорғыш құралы, 2 бірлік әуе кемесі жұмылдырылды.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік