18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Мемлекет басшысы осы қиын-қыстау кезде уақытша сынақтарды еңсеру үшін қоғамды біріктіріп, бірге күш жұмылдыруға шақырды. Медицина қызметкерлері құтқарушылармен және басқа да шұғыл қызметтермен қатар барлық мұқтаж жанға медициналық көмекке үздіксіз қол жеткізуді қамтамасыз ете отырып, күшейтілген режимде жұмыс істейді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Осынау қиын кезеңде жергілікті төтенше жағдай жарияланған он өңірде 3 мыңға жуық медицина қызметкері өздерінің ең маңызды миссиясын - азаматтарымызға медициналық көмек көрсетуді және олардың денсаулығын сақтауды жалғастырып жатқанын ерекше атап өткім келеді. Су басқан аумақтарда 300-ге жуық жедел медициналық бригада жұмыс істеуде, - деді Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.
Төтенше жағдайларда медициналық ұйымдар тәулік бойы жұмыс істейді, әрбір науқасқа қажетті медициналық көмек көрсетіліп, дәрігерлер тарапынан қолдау көрсетіледі.
Күйзеліс, қобалжу және мазасызданған тұрғындар арнайы мамандардан білікті психологиялық көмекке жүгіне алады.
Санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы шаралар кешенін жүргізу үшін санитарлық-гигиеналық қызметтен 900-ге жуық маман жұмылдырылды.
Денсаулық сақтау министрлігі он өңірде халықтың денсаулығын сақтау мәселесін, оның ішінде дәрі-дәрмекпен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету мәселесін тұрақты бақылауда ұстап, жүкті әйелдердің, балалар мен қарттардың жағдайына ерекше назар аударуда.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр