13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызЕліміздің зарлап шеккен өңірлеріне Жамбыл облысынан 360 тонна гуманитарлық көмек жіберілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Су басқан аймақтарда су тасқынына қарсы іс-шаралар белсенді жүргізілуде. Жамбыл облысының волонтерлері де қол ұшын созуда. Облыстық волонтерлік фронт офистің базасында өңірлерде гуманитарлық көмек қабылдау әлі де жүргізіліп жатыр.
Облыс бойынша тұрақты түрде 200 жуық волонтер гуманитарлық көмек жинаумен айналысып жатыр. Кәсіпкерлер мен белсенді тұрғындардың ұйытқы болуымен киім-кешектер, ұзақ мерзімге сақталатын азық-түлік өнімдері, гигиеналық заттар, кең көлемде резеңке етіктер, үрлемелі қайық, және бірқатар қажетті тұрмыстық жабдықтар жинақталды. Зардап шеккен өңірлерге, соның ішінде Батыс Қазақстан, Атырау, Қостанай облыстарына 40 тонна, Ақтөбе, Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарына 60 тоннадан гуманитарлық көмек жөнелтілді, - деді Жамбыл облысындағы еріктілер фронт-офисінің басшысы Теміржан Ізтілеуов ОКҚ алаңында өткен брифингте.
Кеше Жамбыл облысының Қордай ауданынан СҚО-ға қосымша көмек жіберілді.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды