Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыОқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланған өңірлердің оқушылары емтиханнан босатылатынын мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Министрдің айтуынша, Атырау облысы (3 мектептің 1531 оқушысы), Ақтөбе облысы (9 мектептің 1296 оқушысы) және Солтүстік Қазақстан облысындағы(5 мектептің 754 оқушысы) 3 581 оқушы аралық және қорытынды емтихандардан босатылады.
Қорытынды баға жылдық бағалар негізінде қойылады. Су тасқынынан зардап шеккен және ауа райының қолайсыздығына байланысты қыс мезгілінде қашықтан оқыған 2622 мектептің 832 мың оқушысы үшін 27-31 мамыр аралығында «Жазғы мектеп» жұмысы ұйымдастырылады. Жазғы мектепті ұйымдастырудың негізгі мақсаты – оқушы біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру арқылы білім сапасын арттыруға бағытталған, – деді оқу-ағарту министрі.
Министр Атырау, Түркістан, Ақтөбе облыстары балалардың жазғы демалыспен қамтылуын арттыруға баса назар аудару қажет екенін айтты.
Су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі балалардың демалысы ерекше назарда. Қазіргі уақытта 628 бала демалыс лагерьлеріне жіберілді. Алдағы уақытта 3 883 балаға сауықтыру орталықтарына жолдамам беріледі, – деді Ғани Бейсембаев.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары