10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарының мамандары су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі халыққа берілетін судың сапасына мониторинг жүргізуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ДСМ мәліметінше, мониторинг барысында орталықтандырылған және орталықтандырылмаған сумен жабдықтау көздерінен санитариялық-химиялық, микробиологиялық талдауларға сынамалар алынды.
Су тасқыны басталғаннан бері орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ауыз сумен жабдықтау көздерінен 6 мыңнан астам ауыз су сынамасы алынды.
Жалпы, сәйкес келмейтін сынамалар бойынша көрсеткіш 2022-2023 жылдардың қорытындылары бойынша орташа республикалық жылдық көрсеткіштен аспайды, - делінген мәліметте.
Ведомстводағылар атап өткендей, сәйкес келмейтін сынамалар бойынша жергілікті атқарушы органдар мен су шаруашылығы ұйымдары ауыз судан қорытынды санама ала отырып, қауіпсіз ауыз су беруді, су құбыры желілері мен құрылыстарын жууды және дезинфекциялауды жүргізу жөнінде басқарушылық шаралар қабылдау үшін хабардар етіледі.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді