Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҮкімет отырысында энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев су тасқыны болған өңірлерді электрмен жабдықтау жұмысын қалпына келтіру барысы туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Министрдің сөзінше, бүгінде Қостанай облысында ажыратылған абоненттер саны 5 мыңнан 700-ге дейін қысқарды. Ақтөбе облысында 5,5 мыңнан 13 абонентке дейін қысқарған.
Батыс Қазақстан және Ақмола облыстарында шектеулер қойылған абоненттер саны 4 есеге, ал Атырау облысында 3 есеге қысқарды. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша авариялық-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қалған 5 мың абонентті электрмен жабдықтау су деңгейі төмендегеннен кейін қалпына келтіріледі. Төтенше жағдайды жоюға 9 мыңнан астам энергетик маманы, 2 145 бірлік арнайы автотехника қатысуда. Электр энергиясының 414 мобильді көзі бар, - деді энергетика министрі.
Алмасадам Сәтқалиев алдағы кезеңде кернеудің әртүрлі кластарындағы 3 мыңнан астам электр желілерінің тіректерін қалпына келтіру қажет екенін атап өтті. Сөзінше, салдарды жою үшін барлық қажетті материалдар бар.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары