Кеше, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Су тасқыны басталғалы бері өңірлерден «жедел желі» телефондарына 1 667 қоңырау келіп түскен, 123 шұғыл психологиялық көмек көрсетілді. Бұл туралы республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Су тасқыны басталғалы бері 107 465 адам, оның ішінде 38 627 бала қауіпсіз жерлерге жеткізілді. 11 786 адам үйлеріне оралды. Уақытша орналасу пункттеріне 7 598 адам, оның ішінде 3 288 бала орналасты.
9,4 млн текше метрден астам еріген қар суы сорып шығарылды, 2 млн қапшық пен 1,2 млн тоннадан астам инертті материал төселді.
Авариялық-құтқару жұмыстарына 32 484 адам, 3 709 техника, 14 әуе кемесі жұмылдырылды.
Сағат 16.00-дегі жағдай бойынша Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында 4 870 жеке тұрғын үй, 1517 аула аумағы және 2 035 саяжай үйі су астында қалуда.
ТЖМ азаматтарды аса мұқият болуға, су тасқыны кезеңінде қауіпсіздік шараларын мүлтіксіз сақтауға, үйлерден және эвакуациялау пункттерінен тиісті рұқсатсыз кетпеуге шақырады, - деді спикер.
Кеше, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Кеше, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік