Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түсСу тасқыны кезеңі басталғаннан бері Түркістан, Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ұлытау, Абай, Ақмола облыстарында 4 694 адам, оның ішінде 1 682 бала құтқарылды және эвакуацияланды. Бұл ретте тартылған әуе кемелерімен 447 адам, оның ішінде 180 бала эвакуацияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ және әкімдіктердің күшімен 2,3 млн м3 астам еріген су сорылды, 162 мыңнан астам қапшық және 31 587 тонна инертті материал төселді.
Авариялық-құтқару жұмыстарына 6349 адам, 2192 бірлік техника, 689 бірлік су айдау құралы және 55 бірлік жүзу құралы, ТЖМ, Қорғаныс министрлігі, ІІМ, ҰҚК, ҰҰ, жергілікті атқарушы органдардың 12 әуе кемесі жұмылдырылды.
«Жедел желі» телефондарына 392 қоңырау келіп түсті, еліміздің 12 өңірінде республикалық және облыстық жедел штабтар жұмыс істейді.
Еліміздің 7 өңірінде 435 жеке тұрғын үй мен 329 аула аумағы, сондай-ақ Ақтөбе облысында 75 саяжай үйі мен 9 ғимарат, көп қабатты тұрғын үйлердің 12 ауласы, Ақмола облысында балабақша мен ТЖ ауруханасы су астында қалып отыр.
Бақылауда 18 автожолды су шайды, оның ішінде 4 көпір және 14 жол төсемі бар. 26 елді мекенде көлік қатынасы жоқ.
Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды