13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызАзаматтық қорғау қызметтері, волонтерлер және тартылған ұйымдар Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқынын жою және халыққа көмек көрсету бойынша жұмыстарды жалғастыруда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Төтенше жағдайлар министрлігі құтқарушылармен қатар су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізуге, тұрғындарға жан-жақты қолдау мен көмек көрсетіп жүрген волонтерлерге алғыс білдіреді.
Батыс Қазақстан облысында Жайық өзенінде су деңгейінің көтерілуі сақталуда. Қапшықтарды төсеу, қорғау бөгеттерін салу және су басқан аумақтан су айдау жүргізілуде. Алдын ала эвакуацияланған тұрғындар эвакуациялық пункттер мен туыстарының үйлерінде, сондай-ақ үй жануарлары құтқарылды. Өңірде барлығы 1,2 млн астам қапшық және 22 мың тонна инертті материал төселді.
Атырау облысында бір апта ішінде Жылыой ауданының Құлсары қаласында жылжымалы сорғы станцияларының көмегімен 86 мыңнан астам текше метр су сорылды.
Солтүстік Қазақстан облысында қазіргі уақытта үйлерді су басу оқиғасы тіркелген жоқ. Есіл өзені су деңгейінің төмендеуі байқалады.
Осы сағатта 24 496 адам өз үйлеріне оралды. 8 850 адам, оның ішінде 3 840 бала эвакуациялау пункттерінде.
4 608 тұрғын үй мен 2 774 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. 11,5 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 5,3 млн қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды