23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Сингапурда су спорты түрлерінен әлем чемпионаты жалғасуда, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
20 шілдеде ашық суда жүзуден аралас эстафеталық жарыстар аяқталды.
Қазақстан құрамасы сайыс қорытындысы бойынша 11-орынды иеленді. Алтын медаль Германия құрамасына бұйырды. Екінші орынды Италия иеленсе, жеңіс тұғырының үшінші сатысына Венгрия жайғасты.
Айта кетейік, бұған дейін қазақстандықтар 3 шақырым қашықтыққа ашық суда жүзуден сынға түскен болатын.
Бұл дисциплина бойынша Қазақстан құрамасының сапында ең үздік нәтижені Лев Черепанов көрсетті.
Отандасымыз жартылай финалға өтіп, 12:00.40 уақыт көрсеткішімен 20-орынға тұрақтады.
Ал Ғалымжан Балабек іріктеу кезеңін 18:01.90 нәтижемен аяқтап, 20-орын иеленді.
Әйелдер арасындағы іріктеу кезеңінде Мария Федотова 18:21.00 көрсеткішімен 14-орынға, Дарья Пушко 20:08.70 нәтижесімен 49-орынға жайғасты.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік