Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгін елімізде су шаруашылығы қызметкерлерінің күні аталып өтуде. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов сала қызметкерлері мен ардагерлерін, оның ішінде министрліктің, «Қазсушар» мамандарын, Қазақстанның халықаралық ұйымдардағы өкілдерін кәсіби мерекемен құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Министрлік мәліметінше, еліміз бойынша «Қазсушар» кәсіпорынының барлық филиалдарында мерекелік іс-шаралар өтті. Мереке күні жалпы саны 281 маман марапатталды: су шаруашылығының 33 қызметкері министрдің алғыс хатын алды, 158 маман Құрмет грамотасын алса, 80 маманға «Су шаруашылығының үздігі» төсбелгісі табысталды.
Бұдан бөлек, еліміздің су шаруашылығының 53 ардагерінің еңбегі ерекше аталып өтті. Оларға «Су шаруашылының ардагері» төсбелгісі табысталды.
Біз үшін кез келген ауа – райына қарамастан еліміздің су шаруашылығы нысандарында күш-жігерін аямай еңбек ететіндерге алғыс білдіру үлкен мәртебе. Сіздердің күн сайынғы қажырлы еңбектеріңіз республика мен оның экономикасының дамуына елеулі үлес қосады. Қазақстандықтарды ең маңызды ресурс – сумен қамтамасыз ету жөніндегі сіздердің күш-жігерлеріңіз құрметке және ең жоғары бағаға лайық, - деді су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?