30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыҚазақстандық су саласының 30 маманы ҚХР-да екі аптаға созылған біліктілік арттыру курсын аяқтады. Сонымен қатар АҚШ-та бір айлық оқудан өткен мамандар тобы да елге оралды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Су ресурстары және ирригация министрлігінің өкілдері шетелден оралған мамандармен кездесті. Алдағы уақытта олар әріптестері шетелде жинаған тәжірибені меңгеріп, өз қызметтерінде қолданады.
Барлық курстар қабылдаушы елдер есебінен, халықаралық келісімдер мен бағдарламалар аясында ұйымдастырғанын айта кетейік. Бұл шараларға мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлінген жоқ.
Жыл соңына дейін Қытайға 25 адамнан тұратын тағы үш топ жіберіледі. Бүгінде Су ресурстары және ирригация министрлігі өзге де елдерде осындай курстар ұйымдастыру бойынша белсенді келіссөздер жүргізіп жатыр.
Сонымен қатар The International Visitor Leadership Program халықаралық алмасу бағдарламасы аясында қазақстандық мамандар АҚШ-қа барып, су ресурстарын басқару жүйесін жетілдіру жолдарын зерттеді.
Технология мен цифрландырудың дамуына байланысты су саласы мамандарын қайта даярлауға деген сұраныс артып отыр. Қазақстан алдыңғы қатарлы елдердің тәжірибесін белсенді түрде меңгеруге ұмтылып жатыр. Бұл тұрғыда Қытайды әлемдік көшбасшы деп атауға болады. ҚХР-да су инфрақұрылымдары жақсы дамыған әрі өзіндік ерекшеліктері бар. Сонымен қатар олар су саласындағы білікті мамандарды дайындаудың тиімді әдістерін қолданады. Сондықтан Қытайдың бұл тәжірибесі біздің су мамандары үшін өте пайдалы, – деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Аслан Абдраимов.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды