Су ресурстары және ирригация министрлігі «Қазсушар» мекемесіне тексеру жүргізеді

12 Қаңтар, 05:03 704

Су ресурстары және ирригация министрлігі «Қазсушар» РМК қызметін тексеретін болды. Бұл туралы министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен кәсіпорын басшыларының қатысуымен өткен кеңесте Аудит департаментінің директоры Ғалымжан Молдаш мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ведомство мәлім еткендей, тексеріс ақпан айының соңына жоспарланған. Тексеріс аясында осыған дейін жүргізілген аудиторлық іс-шаралар бойынша Жоғары аудиторлық палатаның ескертулерін жою бойынша жұмыстар жүргізіледі. Бұдан бөлек, министрлік мемлекеттік аудит объектілерінің бекітілген тізбесіне сәйкес «Нұра топтық су құбыры» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК қызметін тексеруді бастады.

Оқи отырыңыз: 

Аудиттің басты мақсаты – ашықтық, кәсіпорын мен су саласын қаржылық сауықтыру. Жоғары аудиторлық палата мен Парламент депутаттары тарапынан сұрақтар мен ескертулер бар. Сондықтан барлық кемшіліктер мен бұзушылықтарды жою қажет, - деді Ғалымжан Молдаш.

Перизат Саденова
Бөлісу: