29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыСу ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қазақстандағы Еуропалық Қайта Құру және Даму банкі (ЕҚДБ) басшысының орынбасары Асқар Намазбаевпен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кездесуде тараптар бірлескен жобаларды іске асыру және одан әрі ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.
Мәселен, министрлік пен Еуропалық Қайта Құру және Даму банкі Ақтөбе, Жамбыл және Түркістан облыстарында су шаруашылығы нысандарын реконструкциялау бойынша 53 жобаны іске асыруда. Бүгінгі таңда 19 жоба толығымен аяқталды. Жыл соңына дейін тағы 23 жобаны аяқтау жоспарлануда, оның 17-сі пайдалануға беріледі.
Қалған жобалар бойынша құрылыс жұмыстарын келесі жылы аяқтау жоспарланып отыр.
Біз Еуропалық Қайта Құру және Даму банкімен ынтымақтастықты жалғастыруға ниеттіміз. Біздің министрліктің алдында Қазақстанның су саласын трансформациялау міндеті тұр, біз бұл жұмысты халықаралық қаржы институттарымен бірге жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз, – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек