Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыСу ресурстары және ирригация министрлігі су үнемдеу тақырыбында балалардың республикалық сурет және шығармалар байқауын ұйымдастырады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Байқауға 5 жастан 16 жасқа дейінгі кез келген үміткер қатыса алады. «Үздік сурет» және «Үздік шығарма» қос номинациясында 2 жеңімпаз анықталады. Барлығы 4 қатысушы жүлдегер болады. Үздік жұмыстардың авторлары бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Су ресурстары және ирригация министрлігінің жұмыс бағыттарының бірі - қазақстандықтарды су үнемдеу қажеттілігі және оны тиімді пайдалану әдістері туралы ақпараттандыру. Осы байқау арқылы біз адамдардың, әсіресе өскелең ұрпақтың, оқушылардың назарын осы мәселеге аударғымыз келеді. Су үнемдеу ауыз сумен қамтамасыз етуден бастап ауыл шаруашылығына дейінгі көптеген бағыттарды қамтиды, сондықтан байқауға қатысушылардың шығармашылығы үшін шектеу жоқ. Ерекше көзге түскен қатысушыларды министрлік басшысы марапаттайды», - деді ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.
Байқау 2023 жылдың 25 желтоқсанына дейін жалғасады. Жеңімпаздарды жаңа жыл қарсаңында ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов марапаттайды. Үміткерлердің жұмыстары +77781345811 номері бойынша WhatsApp арқылы, сондай-ақ Instagram-да #суүнемдеубайқауы хэштегімен қабылданады.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары