Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыСу ресурстары және ирригация министрлігі биыл су құбырларын салу және реконструкциялау бойынша 28 жобаны іске асыра бастады. Бұл жұмыстардың нәтижесінде, 1,1 млн тұрғыны бар 426 елді мекенде ауыз сумен қамтамасыз ету сапасы жақсарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жаңадан салынатын және реконструкциядан өтетін топтық су құбырларының жалпы ұзындығы 2000 шақырымнан асады. Құрылыс жұмыстарын алдағы екі жылда аяқтау жоспарланып отыр.
Құрылыс жұмыстары еліміздің 9 өңірінде жүріп жатыр. Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстанда – 10 топтық су құбыры, Қызылорда облысында – 6, Ақмола облысында – 4, Алматы және Ұлытау облыстарында – 2 жобадан, Атырау, Маңғыстау, Түркістан, Батыс Қазақстан облыстарының әрқайсында 1 топтық су құбырларын салу және реконструкциялау жобасы жүзеге асырылуда, - деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары