Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыСу ресурстары және ирригация министрлігі ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарының тізбесіне толықтырулар енгізу туралы Үкімет қаулысының жобасын әзірледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Атап айтқанда, тізімге Шығыс Қазақстан облысы Оба өзеніндегі су электр станциялары каскадын қосу жоспарланып отыр. Қаулы жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған. Жобаны қабылдау мемлекеттік бюджеттен қосымша шығындарды қажет етпейді.
Министрлік ұсынған өзгерістер су тасқыны қаупін азайту және өңірдегі елді мекендерді қорғау үшін тасқын суды сенімді бақылауды қамтамасыз етуге бағытталған. Сондай-ақ, бұл өзгеріс азаматтар мен өнеркәсіп нысандарын сумен жабдықтауды тұрақтандыру үшін жалпы сыйымдылығы 500 млн текше метрге дейінгі қоймалар кешенін дайындауға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, 3 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы алқабын суару және экологиялық таза электр энергиясының қосымша көлемін өндіру үшін жағдай жасалады, - деді Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы имараттарын дамыту департаментінің директоры Құдайберген Қорғанбаев .
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары